ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы өзара әрекеттестік мәселелерін талқылау үшін Қазақстанға келеді

None
None
А. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарашаның 10-ы мен 12-сі аралығында Қазақстанға ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Жоао Соареш ресми сапармен келмек. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңында ол Қазақстан-ЕҚЫҰ өзара әрекеттестік мәселелерін қарастыру мақсатында ел басшылығымен кездесулер өткізбек.

Бұл туралы бүгін елордада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  ЕҚЫҰ-ның «парламенттік өлшемін» қамтамасыз ете  отырып, Ассамблея Ұйым жұмысына қарарлар мен ұсыныстар қабылдау, мәселелерді қарастыру негізінде парламенттік институттардың қатысуына қолдау көрсетеді және ЕҚЫҰ кеңістігінде демократияны алға ілгерілетуде парламентаралық  үнқатысуды нығайтады. Ассамблея, сонымен қатар мүше мемлекеттердің Ұйым шеңберіндегі міндеттемелерін орындауына баға береді, жанжалдардың алдын алу, ескерту тетіктерін дайындап, енгізеді және демократиялық институттардың нығаюына ықпал етеді.

 Айта кетейік, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы 1991 жылы сәуірде Мадридте өткен   ЕҚЫҰ елдері парламент басшылары кездесуінде құрылған болатын. Құрамына  барлық мүше мемлекеттерден 320 парламентші кіретін Ассамблея ЕҚЫҰ институттарының бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар