Валюта бағамдары:
    usd/kzt 447.9 eur/kzt 482.16

    rub/kzt 5.54 cny/kzt 63.46
Ауа райы:
Астана+36+38℃
  Jańalyqtar  >

ЕҚЫҰ-ның қысқа мерзімді миссиясының жұмысы қорытындыланды

2023 жылғы 20 наурыз, 16:15

АСТАНА. ҚазАқпарат – ЕҚЫҰ-ның сайлауларды байқау жөніндгі қысқа мерзімді миссияның арнаулы үйлестірушісі әрі жетекшісі Ирен Чараламбидес 19 наурызда өткен сайлауға қатысты негізгі қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 13 жыл бойы Қазақстандағы сайлауларды тұрақты байқап келеміз. Біз өзімізді Қазақстанның достары әрі серіктестері ретінде сезінеміз. Және де осынау тамаша елге жәрдем көрсету міндеттемесін алдық. Кеше 300-ден астам байқаушымыз бүкіл ел бойынша жұмыс істеді. Олардың жұмысының негізінде және ұзақмерзімді байқаушылардың пікіріне сүйене отырып, негізгі қорытындыларды жария етпекпін», - деді ол елордада өткен брифинг барысында.

Шетелдік байқаушының пайымынша, елімізде жүргізілген реформалар Қазақстанды халықаралық стандарттарға және ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сай сайлау өткізуге жақындатуы тиіс.

«Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасы Демократиялық институттар және адам құқы бюросының бұған дейінгі ұсынымдарын ескере отырып, бірқатар өзгеріске ұшырады. Сайлаушылар үшін өзгертулер енгізіліп, таңдау мүмкіндігі кеңейтілді», - деді Ирен Чараламбидес.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме