ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Астана Саммитінің мұрасына баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы, неміс дипломаты Хельга Мария Шмидт Қазақстанның ұйым аясындағы белсенділігін жақсы бағалайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзінің Twitter-дегі ресми аккаунтында ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Қазақстан астанасында 19 ақпан күні Астана Саммитінің 10 жылдық мерейтойына орай аталып өткен «Астанадағы ЕҚЫҰ-2010 саммитінің тарихи мәні мен өзектілігі» атты халықаралық онлайн конференциясында жиынға қатысушыларға құттықтауын жолдады.

Хельга Мария Шмид Қазақстанның ЕҚЫҰ аясындағы белсенділігін бағалайтынын, мемлекеттің Еуропа мен Азия арасында көпір іспеттес екенін атап өтті.

«Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы мен Астана Саммиті осы елдің ұйым аясындағы жұмысының жарқын сәттерінің бірі болды. Астана Саммиті аясындағы атқарылған жұмыстар ЕҚЫҰ-ға мүше елдерді нағыз қауіпсіздік қоғамдастығын құру жолында жұмысты жалғастыруға міндеттейді. Мен Қазақстанның осы үдеріс барысында әлі де маңызды рөл атқаратынына сенімдімін»,-деп жазды ол .

Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда онлайн режимде «Астанадағы ЕҚЫҰ-2010 саммитінің тарихи мәні мен өзектілігі» халықаралық конференция өтті.

Шараны Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы кітапханасы ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырды.


Соңғы жаңалықтар