ЕҚЫҰ Қазақстандағы Президент сайлауына мониторинг жүргізуге кірісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының бақылаушылары миссиясының басшысы Уршула Гацекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Қазақстандағы кезектен тыс өткізілетін президент сайлауына қатысты Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының миссиясы жүргізетін мониторинг мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы алдағы сайлаудың заңнамаға сәйкес ашық және әділ өтетінін атап өтті.

Уршула Гацек Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездескені үшін алғыс айтып, халықаралық бақылаушылар қызметінің басталғаны жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының өкілдері сайлау үдерісіне мониторинг жүргізуге кіріскенін және Қазақстанның барлық өңірлерінде белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар