USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесіндегі Елбасының еңбегі ерекше зор -Қ. Тоқаев

2009 жылғы 20 қазан 14:51
Бөлісіңіз:
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесіндегі Елбасының еңбегі ерекше зор -Қ. Тоқаев

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесіндегі Елбасының еңбегі ерекше зор.

Бүгін елордада «Қазақ елі» монументінің ашылу салтанаты барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық қауымдастықтың қазақстандық даму моделі атты феноменді ауызға ала бастағаны бекер емес. Сол секілді алдыңғы қатарлы мемлекет басшылары, әлем мойындаған экономистер Қазақстан Президентінің бойынан көрнекті реформаторлықты, ғаламдық масштабтағы саясаткерді көруі де бекер емес. Олар біздің Лидер туралы «Ол тарихты жасауды біледі» деп дұрыс айтады. Шындығында да тарихи кезеңмен алып қарағанда қысқа ғана мерзім ішінде ғасырларға бергісіз шаралар атқарылды. Қиын геополитикалық жағдайда тұрған және өзіне күйреген экономиканы мұраға алған Тәуелсіз Қазақстан нық сеніммен нарықтық реформа жолын таңдап, өркениетті мемлекеттер қауымдастығының ажырамас бөлігіне айналды», деді Қ. Тоқаев.

Сонымен бірге, Төраға бүгінгі күні әлемде Қазақстан көшбасшысының ядролық қарусыздану, азиялық қауіпсіздік жүйесін орнату, ықпалдастықты дамыту мен әлемдік экономикалық тәртіпті қайта құрылымдау секілді шараларға қосқан ауқымды үлесін мойындап, сыйластықпен қарайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Қ. Тоқаев келесі 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ секілді беделді ұйымға төрағалық ететінін айта келе, бұған да Елбасының беделі мен саясаткерлік тұлғасы үлкен септік болғанын айтты. «Қазақстан посткеңестік елдер, түркі тілдес мемлекеттер мен орталық-азиялық мемлекеттер арасында тұңғыш рет өзінің географиялық өлшемі мен саяси мандаты бойынша бірегей ұйым болып табылатын ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді. Бұл істе де біздің Президентіміздің халықаралық беделі мен сіңірген еңбегі айрықша рөл ойнады. Шетелдерде Қазақстан туралы тұрақтылық пен прогрессшіл мемлекет, ғаламдық дағдарыс салдарын тиімді игерген ел, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім салтанат құрған республика деп жиі айтады. Сонымен бірге, бүгінгі Қазақстан өзінің Лидерімен бірге білім мен ғылымға, мәдениет пен денсаулық сақтауға баса назар аударатын инновациялық болашаққа қуатты серпіліс жасауға дайындалуда. Мемлекет басшысының алыс болашақты қамтыған жоспарлары да осы негізде жүзеге асып жатыр», деді Қ. Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT