ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету - Қазақстанның дүниежүзіндегі рөлінің артқанын көрсетіп отыр - Хокон Магнус

None
None
АНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету - Қазақстанның дүниежүзіндегі рөлінің артқанын көрсетіп отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен өткен кездесуден кейінгі брифингте Норвегия Корольдігінің мұрагер ханзадасы Хокон Магнус мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Астанада Норвегия елшілігін ресми түрде ашқалы отырмыз. Бұл өз кезегінде екі елдің жақсы қарым-қатынасын, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның ықпалының артуын дәлелдеп отыр», деді Хокон Магнус.

Сонымен қатар ол биылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Қазақстанның дүние жүзіндегі рөлінің артуын көрсетіп отырғандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар