ЕҚЫҰ‑ға төрағалық ету қарсаңында Парламент шетелдік әріптестерімен жұмысты жандандыратын болады - Мәжіліс Төрағасы

None
None
күйектің 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Парламент Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету қарсаңында шетелдік заң шығарушы органдармен жұмысты жандандыратын болады.

 Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің үшінші сессия барысындағы алғашқы отырысында палата Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында үшінші сессияның ашылуы барысында Елбасы жүктеген тапсырмаларға тоқталған Мәжіліс Төрағасы, ЕҚЫҰ‑ға төрағалық ету мәселесіне Парламенттің баса мән беріп қарайтындығын білдірді. «Парламент Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету қарсаңында шетелдік заң шығарушы органдармен жұмысты жандандыратын болады. Аталған ұйымның, оның Парламенттік Ассамблеясының әртүрлі комиссиялары мен топтарының жұмысына белсенді түрде қатысуға тиіспіз. Ұйымға қатысушы мемлекеттер парламенттерінің да жұмыс тәжірибесін өз қызметтерімізде қолдану үшін оны зерделеп, заң шығару үдерісінің сапасын едәуір көтеріп, еуропалық стандартқа жақындата түсу керек», деді О. Мұхамеджанов. 

Соңғы жаңалықтар