ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде Қазақстан көші-қон мәселесінде өзіндік үлесін қоса алады

None
None
анның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету арқылы Ауғанстан мәселесі бойынша өзіндік үлесін қоса алады.

Бұл туралы бүгін  Астанада өтіп жатқан «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференцияда Хадсон институтының әскери-саяси талдау орталығының ғылыми аға қызметкері Ричард Уайтс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазақстан өзінің орналасқан өңірі бойынша және жинақтаған тәжірибесі тұрғысында аталған аймақтағы проблемаларды жақсы біледі. Осы орайдағы жұмыстарды жалғастыру арқылы жаңа бастамаларды іске асыра алады», деп атап өтті ол конференция барысында.

 «Мәселен, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да ұйымдарда есірткіге қарсы бағдарламалар бойынша бастамалар бар. Осы бағытта Қазақстан  ықпалдастықты жүргізе алады. Себебі, Қазақстан осы институттардың барлығына қатысып отыр», деді Р. Уайтс.

 Еліміздің көші-қон және жұмысшы мигранттар құқын қамтамасыз етуде өзіндік үлесін қоса алатынына тоқталған ол, «Қазақстанға кейбір көршілес елдер әлемдік экономикалық дағдарыстан зардап шекті. Осының салдарынан азаматтар еңбек нарығындағы проблемаларға тап болды. Қазақстан өзінің төрағалығы кезінде бұл маңызды мәселелер шешілуі тиіс екенін түсініп отыр. Сондықтан Қазақстан осы тұрғыда айырықша тәсілдер турасында шараларды қабылдауды қарастырса жөн болар еді. Мәселен, мигранттар үшін мәліметтер базасын құру, аймақтық ұйымдар арасында ынтымақтастықты жетілдіру ескерілсе», деді.

Соңғы жаңалықтар