ЕҚЫҰ‑ға мүше мемлекеттер арасында шекарадан өткізу бекеттерінде жемқорлықты жоюға бағытталған заң актісі әзірленуде

None
None
анның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ ЕҚЫҰ‑ға  мүше мемлекеттер арасында ұйымға қатысушы мемлекеттердің шекарадан өткізу бекеттерінде жемқорлықты жою туралы ынтымақтастығына бағытталған заң актісі әзірленуде.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан ЕҚЫҰ 18-ші экономикалық-экологиялық форумына дайындық конференциясы барысында журналистермен болған брифингте ЕҚЫҰ экономикалық‑экологиялық форумының үйлестірушісі Горан Свиланович мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Сөз арасында Г. Свиланович шекарадан өту бекеттерінде сыбайлас жемқорлықты жою үшін кедендік және шекара қызметі мен оның маңындағы органдардың қызметкерлерін оқыту жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтып, бұл тұрғыда ЕҚЫҰ мемлекеттерінің жұмыла жұмыс істеуге мүмкіндігі зор екендігін алға тартты. Оның айтуынша, шекараларды басқару әлеуетін жақсартуда ұйым аясында бірлесе жұмыстар атқарудың маңызы арта түспек.   «Сонымен бірге, кедендік органдардың жаңа технологияны пайдалануы да жемқорлықпен күресте тиімділігі арта түседі. Шынымен, шекараға жақындаған кез келген тасымалданып келе жатқан жүк бойынша жеткілікті ақпараттың болуы оның уақытын босқа алудың алдын алатын еді.  Осының өзі де жемқорлықты болдырмау шарасы болып табылады.  ЕҚЫҰ дәл осындай ынтымақтастыққа негізделген қатысушы мемлекеттер арасында тиімділікті арттыратын заң актісін әзірлеп жатыр.  Жалпы, жемқорлық ЕҚЫҰ‑ға қатысушы әрбір мемлекеттің үлкен проблемасы, бұның көрсеткіші бір елде жоғары, бір елде төмен. Дегенмен де, барлық мемлекеттің осы мәселемен күресте үлкен жігері мен қолдауы қажет», деді ЕҚЫҰ өкілі.

Соңғы жаңалықтар