ЕҚЫҰ дағдарыс жағдайларын шешуде маңызды рольге ие болуы мүмкін - Божко

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ  және оның Парламенттік Ассамблеясы дағдарыс жағдайларын шешуде айтарлықтай маңызға ие болуы мүмкін. 

Мұндай пікірді Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Минскіде өткен  ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы комитетінің қауіпсіздік және саяси мәселелер жөніндегі жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

5-9 шілде күндері Беларусь астанасында өтіп жатқан ЕҚЫҰ ПА-ының 26-ыншы сессиясы өзара сенімді нығайту және әлем үшін ынтымақтастық пен ЕҚЫҰ аумағындағы даму мәселелерін талқылау мақсатын көздейді.

«Қазіргі таңда Еуропадағы жағдай мен ЕҚЫҰ кеңістігіндегі барлық елдерге тікелей әсері бар «ДАИШ» ұйымының ықпалы және Таяу Шығыс елдері мен Оңтүстік Жерорта теңізіндегі шиеленістердің  жалғасып  жатқан кезінде қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері ерекше маңызды», - деді Мәжілістің вице-спикері.

Божконың айтуынша, Қазақстан Украина және Сирия шиеленістерін реттеу бойынша мәмілегерлік әрекеттер жасауға дайын. Мәжіліс вице-спикері айтып өткендей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей және Украин тараптарын жақындастыруға салған күшінің нәтижесінде Минск келісімдері жасалды. Қазақстандық парламентші сондай-ақ, Сирия дағдарысы аясында Женева келіссөздерін толықтырушы Астана процесі іске қосылғандығын еске сала кетті.

Осыған орай, Божко 4-5 шілде күндері Астанада өткен Сирия мәселелері жөніндегі келіссөздердің нәтижелі болатындығына және оның  әскери сатыдан дипломатиялық сатыға өтетіндігіне  сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар