ЕҚЫҰ бюросының миссиясымен референдумға дайындық барысы талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Сайлау жөніндегі аға кеңесші Алексей Громов бастаған ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының қажеттіліктерді бағалау жөніндегі миссиясын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Бюро өкілдері елімізге 5 маусымда өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдумға байланысты келді.

Олардың міндеттерінің бірі - барынша қолайлы байқау форматы бойынша ұсынымдар әзірлеу. Кездесу барысында тараптар халықаралық байқаушыларды аккредиттеу рәсімін және референдумға дайындықтың басқа да мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Тараптар ЕҚЫҰ ДИАҚБ мен Қазақстан Республикасы арасындағы, оның ішінде сайлау науқандарына қатысты диалогтың жандануы мен сындарлы сипатын құптады.

Еске салсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды .


Соңғы жаңалықтар