ЕҚЫҰ аясында теңізге шыға алмайтын елдер үшін «Алматы іс-қимыл бағдарламасы» ұсынылады - К. Жигалов

None
None
анның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - ЕҚЫҰ аясында теңізге шыға алмайтын елдер үшін «Алматы іс-қимыл бағдарламасы» ұсынылады.

Аталған бағдарлама 2003 жылы БҰҰ-ға мүше мемлекеттермен қабылданған болатын.  Бүгін елордада өтіп жатқан ЕҚЫҰ 18-ші экономикалық-экологиялық форумына дайындық конференциясы барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов  осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Тоқтала кететін жайт, ЕҚЫҰ қызметі аясында саяси, әскери және адами өлшемдерге баса мән берулермен салыстырғанда, екінші қатардағы сауда-экономикалық өлшемдерге баса назар аударылмай отырғанын көруге болады. Қазақстан өзінің алдағы ұйымға төрағалық жылында осы теңсіздікті реттеуге бағытталған шараларды қамтуға ниетті. Бұл ретте біздің негізгі мақсатымыз көлік, экономика және экология саласында жеке өкілдіктерді жылдам құрылымдау болып табылады. Сонымен бірге, ЕҚЫҰ-ға қатысушы бірқатар мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан да теңізге шыға алмайтын, теңіз арқылы сауда қатынасы жоқ мемлекеттер қатарына жатады. Бұл экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан ғана емес, жалпы ЕҚЫҰ аясындағы салмақты проблема. Осы іспеттес мемлекеттердің проблемасын шеше отырып, біз 2003 жылы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен қабылданған  «Алматы іс-қимыл бағдарламасындағы» ұсыныстарды жүзеге асыруды қарастырамыз», деді К. Жигалов. Оның айтуынша, көліктік және транзиттік әлеуетті ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің барлығының мүдделеріне сай дамыту қажет. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан дәл осы жұмыстарды нығайтып, бұған өз үлесін қосатын болады.

Соңғы жаңалықтар