ЕҚЫҰ аясында Арал теңізінің экологиялық мәселесі талқылануы мүмкін

None
None
анның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - ЕҚЫҰ аясында Арал теңізінің экологиялық мәселесі талқылануы мүмкін. 

 

 Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан ЕҚЫҰ 18-ші экономикалық-экологиялық форумына дайындық конференциясы барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында экологиялық мәселелерге де баса назар аударатын болады. Атап айтқанда, біз ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің өңірлік қауіпсіздікке қатер төндіретін апаттардың алдын алуға қатысты мәселелерді талқылауына көбірек көңіл бөлетін боламыз. Мәселен, Қазақстан Арал теңізінің проблемалары мен экологиясын талқылауды ұсына алады. Әрине, экономкалық-экологиялық форумның Бірінші дайындық конференциясына қатысушыларға бұл мәселе ұсынылмайтын болар. Дегенмен, келісім бойынша бұл экологиялық проблема Прагада өтетін ЕҚЫҰ 18-ші экономикалық-экологиялық форумының екінші бөлімінде талқылануы мүмкін», деді өз сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары К. Жигалов.

 Сонымен бірге, халықаралық тасымалдау мен көліктік жеткізуді дамыту мәселесін қозғаған министрдің орынбасары, бұл үдерісте ЕҚЫҰ-ның үлкен роль атқаратындығын атап өтті. Оның айтуынша, ЕҚЫҰ мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық әлемдегі орын алатын тұрақтылыққа қатысты маңызды фактор болып табылады. 

Естеріңізге сала кетейік, бекітілген бағдарламаға орай Прага қаласындағы ЕҚЫҰ 18-і экономикалық-экологиялық форумның екінші бөлімі 2010 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар