Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

Автор:  
Ақбөпе Әбдрасул

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты Photo: aa.com.tr

АСТАНА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат - Эквадорда 6,7 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Зілзала эпицентрі Балао қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта орналасты. Ошағы 65,7 шақырым тереңдікте болды.

Айта кетейік, кеше кешке Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі 5 мемлекетте сазілді, соның ішінде Қазақстанның 5 өңірінде тіркелді. Салдарынан Ауғанстанда 2 адам, Пәкістанда кем дегенде 9 адам көз жұмды.

UzNews.uz агенттігінің мәліметінше, Өзбекстанда жер сілкінісі қатты сезілді – түрлі қалада 4-6 балл аралығында.


photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo




Серіктестер жаңалықтары