Валюта бағамдары:
    usd/kzt 447.9 eur/kzt 482.16

    rub/kzt 5.54 cny/kzt 63.46
Ауа райы:
Астана+17+19℃
  Jańalyqtar  >

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

2023 жылғы 19 наурыз, 12:43

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадордың оңтүстігінде сенбі күні болған 6,9 балдық жер сілкінісінен кем дегенде 126 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Эквадордың Төтенше жағдайларды басқару ұлттық қызметінің мәліметі бойынша, қаза тапқандар саны 13-ке жетті. 50-ге жуық тұрғын үй бүлінген, жетеуі толығымен қираған.

Сонымен қатар 17 білім беру мекемесі мен 31 медициналық орталық ғимараты зақымданған. Зілзала ошағы 32 мың адам тұратын Наранхал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 85 км. Жерасты дүмпулері елдің 24 провинциясының 13-інде сезілді.

Бұған дейін Эквадорда 6,7 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған болатынбыз.


Автор:

Смағұлова Еркежан

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар