Экстремизм жағдайлары расымен көбейіп кетті ме - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.


АҚШ Иранға қарсы санкцияларды не себепті салды -
CNBC
null

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран металының өндірісіне жаңа санкциялар салды және Тегеран өз әрекетін «түбегейлі өзгертпесе» бұдан да әрі баратынын айтты. CNBC басылымының жазуынша, сарапшылар бұл санкцияларды Иранды 2015 жылғы ядролық келісімді бұзуға итермелеу мақсатында жасалған «қасақана арандатушылық» деп бағалап отыр.

«Карнеги қорының сарапшысы Джаррет Бланктің айтуынша, Дональд Трамптың Иранға қарсы жаңа санкцияларды салуы «қасақана арандатушылық» саналады. Бұл санкциялар иран экспортынан түсетін табысқа ғана кері әсер етіп қоймай, «Иран экономикасының ірі секторларына да» әсер ететін болады. Себебі Иранның мұнайдан кейіні экспорттық табысының көбі металдардан түсіп отыр», деп жазады басылым.

Қордың бас сарапшысы Бланктің айтуынша, Трамп әкімшілігі осы әрекеті арқылы Иранды ядролық келісім шарттарын бұзуға итермелеп, дағдарыс туғызуға тырыспақ.



Ауылдық жерлерде семіздік көрсеткіші артты - Le Monde
null

«Осы күнге дейін ғалымдар ауылдық жерлерде климат пен ауылшаруашылық дақылдардың нашарлауы, аштық кең етек жая бастағанын айтқан еді. Дегенмен, Nature журналында жарияланған мақалаға сенсек, бүкіл әлем бойынша ауылды жерлерде семіздік көрсеткіші артқан», деп жазады Le Monde басылымы.

«Лондон Империя колледжі медицина факультетінің бір топ зерттеушілері 200 мемлекеттегі 112 млн адамға скрининг жасап, 1985 - 2017 жылдар аралығында дене салмағы индексінің әйелдерде 2 кг/м2, ерлерде 2,2 кг/м2-ге өскенін көрсетті, яғни, әр адамның салмағы орташа есеппен 5-6 килограмға артқан», деп жазады автор. Оның айтуынша, бұл көрсеткіштің жартысынан көбі (55%) ауылды жерлерге тиесілі.

«Табысы төмен мемлекеттерде дене салмағы индексінің өсу көрсеткіші ауылды жерлерде 80%ға дейін жеткен. Бүкіл әлем бойынша Африкадан басқа жерлерде ауылды мекендерде семіздік қаладағы көрсеткішпен бір жылдамдықта көбейіп жатыр», дейді автор. Оның айтуынша, осы күнге дейін әлемдегі семіздік эпидемиясының ең негізгі себептерінің бірі урбанизация екені айтылып келген еді.

«Семіздік - әлеуметтік теңсіздік тұрғысынан ғана қарастырылып келді. Дегенмен, бұл жүрек қан тамыр ауруларын, диабет немесе ракты өршітеді әрі пайдалы тамақты тұтынуға жағдайы жоқ топтар арасында да жиі кездеседі», деп жазады автор.



Amazon басшысы Айға қонатын әуе кемесін таныстырды - ABC News
null

Amazon сауда алаңының және Blue Origin аэроғарыш компаниясының негізін қалаған Джефф Безос Айға ұшуға арналған Blue Moon әуе кемесін таныстырды, деп хабарлайды ABC News басылымы. Безостың айтуынша, Blue Moon Жер серігіне 2024 жылы қона алады.

«Blue Moon әуе кемесінің құрастырылыуы жақын арада аяқталады. Әуе кемесі 2023 жылы адамсыз Айға жіберіледі. Ал пилотты жоба адамның қатысуымен 2024 жылы жіберіледі. Нақты кезең NASA жұмысына байланысты», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, жаңа аппарат 4,5 мың тонна жүк тасымалдай алады. Бұл Айда жүретін төрт аппаратты қоса алғандағы салмақ.

Айта кету керек, Blue Origin компаниясы SpaceX компаниясының ашылуынан екі жыл бұрын 2000 жылы ашылған еді. Әзірге компанияның тек New Shepard атты зымыраны бар.



Ресей Өзбекстан жерінде АЭС салады -
Eurasianet
null

«Ресей Орталық Азия жерінде ядролық энергетика саласында қызу жұмысқа кірісті. Нақтырақ айтар болсақ, Ресей ӨЗбекстанда 11 миллиард доллар тұратын атом электр стансасын салады. Бүгінгі таңда АЭС орны анықталған», деп жазады Eurasianet басылымы.

Автордың айтуынша, Ресей сыртқы істер министрі Өзбекстанға сапары барысында атомэлектр стансасы салынатынын хабарлаған.

«Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жобаға қолдау көрсетті. Қазір АЭС орны анықталды. Бұл жобаның ең маңызды сатысы», деді Сергей Лавров.

Басылымның хабарлауынша, АЭС орнының анықталуы жобаны жүзеге асыру уақытын қысқартатын болады.

«Негізінен АЭС орны 2020 жылы белгілі болады деп жоспарланған еді», деп жазады басылым.

Айта кету керек, Ресей мен Өзбекстан 11 млрд доллар тұратын АЭС салу туралы былтыр қазан айында Владимир Путиннің Ташкентке сапарында келіскен болатын. Ал ақпан айында Мирзиеев атом энергетикасының 2019-2029 жылдарға арналған даму тұжырымдамасына қол қойған еді. Бұл құжатта атом энергиясы алдағы 60 жылда арзан электр энергиясын алуға арнаған экологиялық таза мүмкіндік болатыны айтылған.



Экстремизм жағдайлары расымен көбейіп кетті ме - BBC
null

«Қазіргі таңда экстремизм жағдайлары көбейіп барады деген түсінік қалыптасты. Дегенмен, Ұлыбританияның экстремизммен күрес комиссиясы мамандарының айтуынша, бұл тұжырым нақты емес. Бұл туралы ВВС басылымы жазды.

«Көп жағдайда экстремизмнің артуына адамдардың ашулы бола бастағаны кінәлі деп айтылады. Сондықтан сарапшылар мен ғалымдар жүйлі зерттеулерді көбейтіп, экстремизм модельдеріне басқаша қарау әдісін тапқандары жөн. Мысалы, экстремизм белгілері ретінде тек діни топтарды емес, мысалы, нашақор немесе басқа да аддиктивті әрекетке бейім адамдарды да қарастыруға болады», деп жазады басылым.

Ұлыбританияның экстремизммен күрес компаниясы мүшесі, көп жылдары криминология мен дін саласын зерттеген доктор Харгривз «діни көзқарастар экстремистік ретінде қарастырыла алады деп кесіп айтуға болмайды», дейді. Оның айтуынша, экстремизмнің қазіргі сипатталу түрін өзгерту керек.

«Көп жағдайда экстремистік жағдай туғызған адам ішімдікке немесе нашақорлыққа тәуелді болып шығады. Яғни, бұл жағдайға қоғамдық денсаулық сақтау саласы тұрғысынан қарап, экстремизм жағдайы артып бара жатыр деген ұран шеңберінен шығу керек. Отбасы, достар мен қоғам рөлін саяси күштер бағаламай отыр», дейді Харгривз.
null

Соңғы жаңалықтар