Экстремизм, терроризм, сепаратизм - дінге жат ұғым

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Адамзаттың өркениет кеңістігіне қарыштап қадам басуы үшін өзіндік көзқарасын қалыптастырудың ең негізгі қайнар көзі-діни наным-сенім екені ақиқат. Бағзы заманнан бастаған тылсым дүниені тануға деген талпынысы ата- бабаларымыздың таным көкжиегіне із тастаған дүмпу болғаны шындық. Күллі жаратылыс қауашағына сиып тұрған дүниетану мен тылсым құдіретке табыну қаншама ғасыр, мыңжылдықтарды артқа қалдырғанымен, құдайға деген құлшылығымыз әлсіреген емес.

Аллаға деген сенім күллі мұсылман бойында бар қасиет. Жаңа дәуірге, 21-ғасырға аяқ басқан сәттен бастап дін жік-жікке бөліне бастады. Кіршіксіз таза діни-сенімге сызат түсті. Дәстүрлі дінімізді бұрмалау арқылы адамзатты адастыруды көздеген діни сепаратизм деген ұғым пайда болды.

Экстремизм қыспаққа алды.Терроризм төрімізге шықты. Террор жанымызға жайғасты. Олардың мақсаты не? Жалпы бұл атаулар нені білдіреді. Соған тоқаталып өттейік.

«Экстремизм» термині сөзбе-сөз тәржімалағанда (лат. Еxtremus - шекті) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деп анықтама беріліпті. Экстремизм – әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Ал террор сөзінің синонимі латыншадан аударғанда ( terror –қорқыныш,үрей) «зорлық-зомбылық», «үрей туғызу», «қорқыныш ұялату» дегенді білдіреді. Сепаратизм - жікшілдік, жеке отау құруға деген «тәбеттің» ашылуы. Халықтың мемлекеттен бөліну әрекеті сепаратизм деп түсіндіріледі.

Сепаратизм территориялық қақтығыс тудыратын бірден бір фактор болғандықтан, қандайда бір мемлекет онымен күресті қатаң бақылауға алып, уысынан шығармай ұстауға тырысады. Сепаратистер белгілі бір саяси топтарды өздері өмір сүріп отырған мемлекеттен жеке мемлекет ретінде бөлініп шығуға немесе сол елге тиесілі жерді басқа бір мемлекетке қосуға ұмтылады.

Іштен шыққан жау жаман. Жат ағымның жетегінде кеткен отандастарымыз сыртқы күштің ықпалымен өз еліне үрей тудырып, айтқанымызға көндіреміз деген оймен бірнеше шабуыл жасады. 2000 жылғы Шығыс Түркістанды азат етуші «Ұйғыр озатлиқ тошлақти» ұйғыр сепаратистік тобының өкілдері мен суффистік ағым жетекшілерінің төбе көрсетуі, 2012 жылғы Ақтөбедегі салафиттік діни-ағым өкілдерінің Шұбарши оқиғасы, 2015 жылғы Ақтөбедегі діни-сепартистік ұйым мүшелерінің мемлекеттік мекемелерге шабуылы мен

2013 жылғы ахмадишілдік топ өкілдерінің полиция қызметкерлеріне тұтқиылдан шабуылы, 2016 жылғы қарақшы-салафиттік дін өкілінің жалғыз өзі бір топ полиция өкілдерінің өмірін қасақана қиюы дәлел.

Эктремизм мен терроризм бүгінде әлемдік дертке айналды. Оны жою немесе алдын алу үшін әр мемлекет өзінше шара қолдана бастады. Соның ішінде Қазақстанда бар.

Ең үлкен жетістігіміз, ол «Жусан» операциясының пайда болуы. Осы ауқымды шараның арқасында Сирия жеріне өтіп, мақсатсыз теріс ағым арбауымен қолына қару алған азаматтар мен олардың отбасы елге қайтарылуда. Халық арасында ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс істеп жатыр. Қолға алынған жауапты іс ақырындап оң нәтижиесін беруде.

Соңғы жаңалықтар