Экстремизм мен терроризмді насихаттайтындар жазаға тартылады - заңгер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы Д. Қонаев атындағы Заң академиясының аға оқытушысы Омарбек Ақымбеков, «Zета» өндірістік компаниясының жұмысшыларымен кездесті.

Заңгер экстремизм және терроризмнің алдын алу жұмыстарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Омарбек Ақымбеков, жиналғандарға ҚР аумағында терроризмді насихаттауға, террористік ұйымдардың, заңсыз әскерилендірілген құрылымдардың құрылуына, тіркелуіне және жұмыс істеуіне тыйым салынғанын айтты.

«Бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізген кезде экстремизмді жүзеге асыруға жол берілмейді. Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы осындай шараны ұйымдастырушыларға жауаптылық туралы жазбаша ескерту береді. Егер бұл талаптар орындалмаса заң алдында жауап береді»,-дейді заңгер Омарбек Ақымбеков.

Омарбек Ақымбеков, кездесу барысында радикалды және экстремистік топтардың идеологиясын насихаттаушылардың жазаға тартылатынын да жеткізді.

«Қазір елімізде ұлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтік және діни араздықты тұтандыруға бағытталған топтар заң алдында жауап береді. Эстремисттік топ құру, сол сияқты оған басшылық еткендердің мүлкі тәркіленіп, он жылдан он жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Экстремисттік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын қылмыстарына қатысқандар сегіз жылдан он жылға дейін сотталады»,- дейді заңгер Омарбек Ақымбеков.

Кездесу бір сағатқа созылды. Осы уақыт аралығында «Zета» өндірістік компаниясының жұмысшылары заңға қатысты біраз сауалдар қойды. Сонымен қатар, олар экстремизм мен терроризмнің айырмашылығы мен байланысын түсіндіріп берулерін сұрады.

«Жасыратыны жоқ қазір осы экстремизм мен терроризм деген сөзді жиі еститін болдық. Тіпті қорқамыз. Тұмшаланып киініп алғандарды көрсек зәре құтымыз қашды ( күлді). Солар бізді жарып жіберетіндей көрінеді. Біз балаларымыз үшін алаңдаймыз. Негізі жастарды қорғау қажет. Әрине ата-ана болған соң білгенімізді айтамыз ғой. Десекте, түсіндіру жұмыстары жастарға қажет деп ойлаймын. Сізге рахмет. Бізге келіп заң тұрғысынан түсіндіріп бердіңіз. Біз білмейтін нәрселер баршылық екен»,- деді «Zета» өндірістік компаниясының қызметкері.

Айта кетейік, бұл ақпараттық түсіндіру жұмыстары Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар