Экстремистермен күресті ең алдымен идеялы түрде жүргізген жөн - М. Әшімбаев

None
None
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Экстремистермен күресті ең алдымен идеялы түрде жүргізген жөн.

Бүгін Мәжілісте ҚР Дін істері агенттігінің қызметіне арналған Үкімет сағатында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай мәлім етті.

«Қазақстан соңғы жылдары діни экстремизм проблемасымен бетпе-бет келгенін жасыра алмаймыз. Бұл көбіне елімізге сырттан әсер ететін халықаралық радикалды діни орталықтардың нақты бағытталған жұмысының нәтижесінде орын алуда», - дей келе комитет төрағасы былтыр терроризммен күрес бойынша жаңа заң қабылданғанын, ал Дін істері агенттігі осы заң аясында арнайы тетіктерді іске асырып жатқанына тоқталып өтті.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, діни радикализмнің алдын алу үшін жүйелі түрдегі үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде қажет. «Жалпы экстремистермен күресті ең алдымен идеялы түрде жүргізген жөн. Егер осы жұмысты тиісті деңгейде атқара алмасақ, онда күш қолдану шаралары да оң нәтиже бермейтіні анық», - дейді М. Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар