Экспортты қолдау институттарының саны 2 есеге қысқарды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Экспортты қолдау институттарының саны екі есеге қысқарды. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдан бастап қолданыстағы құрылымдарды оңтайландыру жұмысын жүргіздік. Осылайша экспорттаушыларға қолдау іс-шаралары көрсетілді. Бұл экспорттаушылардың да, уақыттың да сұранысы болды. Нәтижесінде экспортты қолдау институттарының саны екі есеге қысқарды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, қазір экспортты қолдаудың 2 институты ғана қалды. Оның бірі KazakhExport қаржылық іс-шараларының операторы саналады. Ал QazTrade қаржылық емес іс-шаралардың операторы қызметін атқарады.

«Осыған ұқсас жүйе Оңтүстік Кореяда да құрылған. Оларда К-Sure және KOTRA экспорттық-кредиттік агенттігі тең дәрежеде жұмыс істейді», - деді Қайрат Төребаев.


Соңғы жаңалықтар