Экспортты ілгерілету: Түмен қаласында сауда-экономикалық миссия өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық экспортты ілгерілету аясында Түмен қаласында сауда-экономикалық миссиясы болып өтті. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Миссияны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Түмен облысының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстандық делегация Түмен технопаркіне барып, онда Түмен облысы губернаторының орынбасары Вадим Шумковпен кездесу өтті. Конференция барысында Түмен облысының Инвестициялық саясат және кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау департаменті Сыртқы байланыстар және бақылау басқармасының бастығы Наталья Ракитина, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Аян Еренов және басқалары сауда-экономикалық қатынастардың даму келешегі, өзара тиімді ынтымақтастық және инвестициялық әлеуетті іске асыру туралы әңгімеледі.

В2В форматында болып өткен байланыстар биржасында қазақстандық тауар өндірушілер Түмен облысының әлеуетті серіктестерімен кездесті. Өнеркәсіпшілер ОТМК холдингінің құрамына кіретін сұрыптық прокат шығаратын кәсіпорын - «Электросталь Тюмени» металлургиялық зауытына, сондай-ақ Боровской индустриялық паркіне барды. Ол көлемі жағынан 30 га жерді алып жатыр әрі шағын және орта бизнесте өңдеу өндірістерін құру үшін арналған.

Тамақ өнеркәсібімен айналысушылар өз кезектерінде Түмендегі ең ірі балғын өнімдер сататын  «Михайловский» базарының, «Сельский дворик» бөлшек сауда желісінің және «Галерея Гурмэ» гастрономының жұмысымен танысты.

Кездесу соңында қазақстандық делегация блокты-модульді орындаудағы мұнай-газ жабдығын шығару саласында Түмен өңірінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл Ресей бойынша қарқынды дамып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі - «ГМС НЕФТЕМАШ» АҚ-да, сондай-ақ «Тамара и Сват» сауда желісінің нүктесінде  болды.

null 

Соңғы жаңалықтар