Экспорттаушылардың жаңа нарықтарға шығуына қолдау көрсету керек - ҰЭМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Экспорттаушылардың жаңа нарықтарға шығуын қолдау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі іс-шараларға назар аудару ұсынылады. Біріншіден, инфляцияға қарсы ден қою іс-шараларын тиісті деңгейде іске асыру және отандық азық-түлік тауарларын өндірушілерге қолдау шараларын көрсету қажет. Екіншіден, салынып жатқан нысандарды уақытылы пайдалануға беру бойынша бақылауды қамтамасыз ете отырып, құрылыс жұмыстары маусымын тиімді жүргізу керек», - деді министр.

Оның айтуынша, үшіншіден, инвесторларды тарту және сүйемелдеу бойынша нақты жұмысты барлық деңгейлерде жандандыру қажет.

Төртіншіден, экспорттаушылардың жаңа нарықтарға шығуын қолдау, экспорттау бағыттарының баламалы жолдарын қалыптастыру керек.

«Бесіншіден, бизнес өкілдерін кешенді қолдау және олар үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету қажет», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар