Экспорттаушылардың шығындарын өтеу туралы өтінімдері мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында 10 компанияның 17 өтінімі бойынша жалпы 84,6 млн теңге сомасы мақұлданды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Өтінімдері мақұлданған компаниялар өнеркәсіптік, тамақ және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және экспорттаумен айналысады. Олардың өнімдері Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қытай нарықтарына жеткізіледі», - делінген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Биылдан бастап бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорындар жұмыс орындарының саны, экспорт көлемі, еңбек өнімділігі, дайын өнім көлемі сияқты көрсеткіштерді ұлғайту бойынша бірқатар маңызды міндеттемелерді өздеріне алды.

«Экспорттаушы компаниялар экспорттық өткізу нарықтарын кеңейтуге және Беларусь, Украина, Чехия, Болгария, Польша, Түркия және Ауғанстан нарықтарына дейін өнімдерін ілгерілетуге міндеттенеді. Бұрын, 1-ші ведомствоаралық комиссия отырысы нәтижесі бойынша, 3 компания бойынша жалпы 149,3 млн теңге сомасына оң шешім қабылданған. Жылдың басынан бері шығындарды өтеудің жалпы сомасы шамамен 234 млн теңгені құрады», - деді министрлік.


Соңғы жаңалықтар