Экспорттаушы компаниялардың шығыны субсидиялануы мүмкін

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шикізаттық емес тауар экспортымен айналысатын отандық компанияларға шығындардың бір бөлігін субсидиялау жоспарланып отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шикізаттық емес экспортты дамыту шеңберінде қазақстандық экспорттаушылар үшін шығындардың бір бөлігін өтеу, сақтандыру, кепілдік беру және субсидиялау бойынша жаңа ұлттық стандарттар қабылдауұсынылды. Ол үшін Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелерін тарту, экспорттық әлеуеті жоғары қызметтерді дамыту, қауіпсіздік пен халықаралық сапа талаптарына сай жүйе енгізу жоспарланған», - деп ведомствоның жоспарларымен бөлісті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар құзырлы орган экспорттық акселерация бағдарламасыаясында отандық өнімді Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Әзербайжан нарығына көп көлемде шығаруды қарастырып жатыр. Ал қазіргі таңдағы экспорттың басым үлесі Орталық Азия елдері, Ресей, Қытай, Түркия, Еуропа, АҚШ және Иран елдеріне тиесілі.

Қоса кетейік, Қазақстанның экспорты 37,2 пайызға артқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар