Экспортталған қазақстандық өнімдер бағасы 26,7% төмендеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы бес айда (2020 жылғы мамыр 2019 жылғы желтоқсанға) экспортталатын тауарлардың бағасы 26,7% төмендеді, импорт бағасы 0,9% жоғарылады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға–53,3%, мырышқа – 13,8%, қорғасынға – 12,3%, қара металл илегіне – 7,5%, мысқа – 4,3%, марганец кендеріне 1,2% төмендеген. Ал ферроқорытпаларға– 12,2%, темір кендеріне – 12%, көмірге 1,6% жоғарылады. Баға жүнге 0,1% төмендеген, бидайға– 20,6%, арпаға 9,2% өсті.

Импортталатын өнімдерден балық – 13,3%, темекі – 12,3%, құс еті – 12%, какао – 8,7%, кофе – 6%, өсімдік майы – на 3,7%, қант 4% қымбаттады. Ал шұжық өнімдері – 6,6%, көкөністер – 5,2%, жемістер мен жаңғақтар 4,7% арзандады. Баға аяқ киімге 2,5% жоғарылады, сүрекке –4,2%, құрылыс материалдарына 2,1% төмендеді.


Соңғы жаңалықтар