Экспорт тауарларының 12% арзандауынан бюджетке 8 млрд теңге табыс түспей қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге шамасында кіріс түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге шамасында кіріс түсті немесе жоспар 107,6%-ке орындалды. Республикалық бюджетке 2,5 трлн теңге кіріс түсті немесе жоспар 100,5%-ке орындалды», - деді Е. Жамаубаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Кіріс бойынша жоспар - 12 млрд теңгеге, оның ішінде салықтық емес кіріс – 20 млрд теңгеге асыра орындалған.

«Салық бойынша жоспар 8 млрд теңгеге орындалмады, оның негізгі сомасы пайдалы қазба өндіру салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кедендік бажға тиесілі. Пайдалы қазбаны өндіру салығы мен экспорттық кедендік баж жоспарының орындалмауы және түсімнің төмендеуінің негізгі себебі – биылғы қаңтар-ақпан айларында негізгі экспорттық тауарлар бағасының өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 12,3%-ке төмендеуі болды», - деп түсіндірді Қаржы министрі.

Корпоративтік табыс салығы жоспары 591 ірі салық төлеуші бойынша аванстық төлемдер сомасының 44,6%-ке төмендеуі себебінен орындалмаған.

Бұл ретте жоспар қосылған құн салығы және импорттық кедендік баждар бойынша асыра орындалды.

«Жергілікті бюджеттің кірісі 135%-ке атқарылды және 882 млрд теңгені құрады. Жоспар 228 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 210 млрд теңгеге асыра орындалды. Кіріс бойынша жоспар барлық өңірде асыра орындалды», - дейді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар