+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

ЭКСПО павильондарын жалға берудің болжамды бағалары аталды

2018 жылғы 16 сәуір 16:27
Бөлісіңіз:
ЭКСПО павильондарын жалға берудің болжамды бағалары аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Лютов ЭКСПО көрмесінің павильондары қандай бағаға жалға берілетінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы алдында салынған нысандардың бəрін тиімді түрде пайдалану туралы нақты тапсырма қойды. Біз қазіргі уақытта бұрынғы корпоративтік С4.6 павильонында тұрмыз. Оның аумағы 5 мың шаршы метр болған. Қазіргі уақытта бұл нысан қайта жаңғыртудан өткізіліп жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін Ұлттық компания қолданысқа енгізетін нысандардың бірі орналастырылады. 2018 жылдың 1 шілдесінде дәл осы жерде «Астана Hub» ашылады. Демек, бұл ІТ-стартаптардың алаңы болады. Осы жерде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына қатысты барлық элекциондық залдар, лекциялық аудиториялар, лабороториялар, конференция залдары, стартаптарға арналған кеңселер ашылады», - деді Лютов ЭКСПО павильондарына жасалған баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, С-4.6 павильонының жалпы аумағы қайта жаңғыртуға дейін 5 мың шаршы метр болған. Қайта жаңғырту жұмысынан бұл 9,6 мың шаршы метрлік нысанға айналады. Яғни, нысан ішінде қосымша қабаттар салынады.

«Қазіргі уақытта осы павиьлонда 118 адам, ал жалпы көрме алаңында 800-ге жуық адам жұмыс жүргізіп жатыр. Ал «Астана» Халықаралық қаржы орталығы көрменің бұрынғы халықаралық павильондардың аумағында - С3 және С4-да болады. АХҚО нысандары 2018 жылдың 1 желтоқсанында беріліп, 2019 жылы орталық қызметкерлері осында көшіп келіп, жұмысын жүргізе береді», - дейді ол.

null

Владимир Лютовтың айтуынша, Мемлекет басшысы өз сөздерінде бірнеше рет Халықаралық қаржы орталығы әлемдік бірлестігінің рөлі ерекше екенін атап өткен. Осыған байланысты С3 павильонында АХҚО-ның әкімшілігі, соты, қор биржалары орналастырылса, С4 павильонында білім беруге арналған аумақтар болады. Сонымен бірге, С2 павильоны қайта жаңғыртудан өткізілуде. Онда кеңселік орталықтар ашылып, ол жерде АХҚО-ның серіктестері жұмыс жүргізеді.

«Қайта жаңғыртуға дейін бұл павильондардың жалпы аумағы (қабатсыз, барлық паркингсіз) 52 мың шаршы метрді құраған. Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін бұл 86,2 мың шаршы метрді құрайтын болады. Яғни, біз павильондарда қосымша қабаттар салынады. ЭКСПО нысандарын жобалау кезінде біз жүктілік мөлшерін алдын ала есептеген болатынбыз. Мемлекет басшысы көрме нысандарын пайдалану концепциясын жақында көрді. С1 павильонда ІТ-университет ашылады. Біз отырыс өткізіп, бұл нысанды қазір жобалау бойынша тапсырма беріп жатырмыз. Қазіргі уақытта «Нұр Әлем» павильоны жұмыс атқарып жатыр. Жексенбі күні ғана ол жерге 2 мыңға жуық мейман келіп кетті. Сонымен бірге, бір шаршы метрді жалға беру шарты бар. Шамамен мұндағы 1 шаршы метрді жалға алу бағасы 6700 теңге болады. Қазіргі уақытта нысандарды пайдалануға бермегендіктен, қанша жалға алушымен келісім барын айта алмаймын», - дейді Владимир Лютов.


null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, EXPO-2017,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT