ЭКСПО-ның нәтижесі: Еуропа елдері Қазақстан үшін визалық режимді жеңілдетуге кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиевтің айтуынша, Еуропа елдері Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуге болады деген шешімге келді. Оған Астанадағы ЭКСПО көрмесі де әсер етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі кезде біз Еуропа одағымен Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл - өте ауыр жұмыс. Осы орайда қол жеткізген жетістіктеріміз де жоқ емес. Биыл қыркүйек айында Брюссельде Еуропа одағының визалық саясат жөніндегі жұмыс тобы отырыс өткізген еді. Сол жерде топ мүшелері Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдетуді қолдады. Келіссөздер кезінде Еуропа комиссиясының ішкі істер және көші-қон директоратының басшысы Марта Сиган аталған шешімге Астанадағы ЭКСПО көрмесінің сәтті өтуі де оң әсерін тигізгенін жеткізді. Себебі көрмеге Еуропа елдері де қатысты", - деді А.Мадиев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Осыдан бастап Еуропа елдері визалық режимді жеңілдету бойынша тікелей келіссөздер бойынша мандат қалыптастыруға кірісті. "Бірінші кезекте Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасын алуға қажетті құжаттардың саны қысқартылады. Сондай-ақ, өтініштерді кері қайтару көрсеткіші төмендейді. Консулдық алымның көлемін азайту мәселесі де қаралып жатыр", - деп атап көрсетті А.Мадиев.

Соңғы жаңалықтар