ЭКСПО маңына көрменің соңғы күнінде мыңдаған адам жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аяқталуына бір күн қалғанда келушілер саны еселеп артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Барлық халықаралық павильондардың алдында ұзын-сонар кезек тұрды. Әсіресе АҚШ, Корея, Жапония, Қытай, Германия павильондарына адам лық толды. 

«Нұр Әлем» сферасында дәл осындай ұзын кезекті көруге болады. Волонтерлар қонақтарды бір орында жиналып қалмауға және балаларға мұқият қарауға шақырып әлек. Оған қоса, полиция жасақтары кезекшілік атқаруда.



Көрме жанындағы сауда-ойын сауық орталығында да адам қарасы көп.



Көрме қонақтары барлық павильондарды бір күнде аралап үлгермеді. Волонтерлар «Нұр Әлемге» кіру кезегінің аяқталғанын хабарлап жатыр. Корея павильонында да кезекте тұрған бір топ адам ішке кіре алмай кетті.

ЭКСПО-ның соңғы күндерінде болған мұндай қарбаластың фотосуреттері әлеуметтік желіге тарап кетті. Оларға қызықты пікірлер мен әзілдер жазылып үлгерді. Ең танымал әзіл: «Қазақтар ғана ЭКСПО-ға 89-шы күні келеді»,-деп аталады.

Ертең - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің соңғы күні. Үш айда ЭКСПО-2017 көрмесіне 3,5 миллион адам келді.

Соңғы жаңалықтар