ЭКСПО құрылысынан 78 млрд. теңге үнемдеген А.Есімов Елбасының алғысына бөленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО құрылысына тек қана отандық компанияларды тарту қажеттігін атап көрсетті.

«Кеше біз «ЭСКПО-2017» мәселелерін қарастырдық. Қаржының негізгі бөлігі Қазақстанда игерілуі тиіс. Онда қолданылатын барлық бұйымдар - цемент, металл, ағаш, жиһаз Қазақстаннан болуы тиіс. Біз «пайдаға қарық» болып үйренген компанияларды таңдап алдық. Олардың әрқайсысында ымыраласқан жиһаз фабрикасы, цемент зауыты бар», - деді Елбасы.

Осы ретте Президент мұның барлығы «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басшысы Ахметжан Есімовке белгілі жайт екенін атап өтті.

«Жарайсың, 78 млрд. теңге үнемдеп, мемлекетке қайтардың. Қазір де біздерге қажет еместерін қиып таста. Біздерге Конгресс-холл қажет емес, Астанада жеткілікті», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар