ЭКСПО көрмесінің алғашқы күні: Түске дейін 10 мың адам келіп үлгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің алғашқы күні өтті. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көрменің алғашқы күні түскі уақытқа дейін он мыңнан астам қонақ келіп үлгерген.

ҚазАқпарат тілшісі ЭКСПО кешені аумағында саяхат  жасап, алғашқы күннің қорытындысын жасады.

null

ЭКСПО көрмесі аумағында қауіпсіздікке ерекше мән беріледі. Сондықтан, мұнда келген әрбір келуші жеке заттарын тексеруден өткізуі тиіс. Бұл процесс едәуір уақытты алуы мүмкін және кезектің туындауына сөзсіз әсер етеді.

null

ЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы таңында күн ашық болды және ауа температурасы +19 С-ты көрсетті. Бұл халықтың Көрмені емін-еркін аралауына мүмкіндік берді.

Көрме аумағына кірген сәтте көзге түсетін ерекше нысан - «Нұр Әлем». Бұл диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр құрайтын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат және Астананың жаңа символы. Келушілер мұнда Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, көрікті жерлерімен және Қазақстан қол жеткізген жетістіктермен таныса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Нұр Әлемді» толық аралап шығуға 3-3,5 сағат уақыт кетеді. Ал тұтас павильондармен таныс болу үшін көрмені 4 тәулік аралауға тура келеді.
null

ЭКСПО аумағында жаңа ғимараттармен қатар, жаңа ескерткіштер де бой көтерген. Эндрю Роджерстің «Ашылмалы энергия» атты монументі орнатылды. Биіктігі 12,5 метрді құрайтын бұл туынды қола мен тот баспайтын құрыштан құйылған.

null

ЭКСПО-2017 - жаңа технологиялардың ғана емес, алуан түрлі өркениеттердің де тоғысқан орталығын айналды. Сан түрлі мемлекеттен жиналған түрлі ұлт өкілдері ЭКСПО алаңында өздеріне бейтаныс мәдениетпен танысу мүмкіндігіне ие болды.
null

ЭКСПО көрмесі өтетін үш айда көрме аумағында 4500 ерікті жұмыс істейтін болады. Олар Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған. Мәселен, суреттегі жас еріктілер ЭКСПО-ға қызмет көрсету үшін Алматыдан арнайы келген. Олардың айтуынша, бір ғана Алматы қаласынан ЭКСПО-ға 900 ерікті келген. Олар келушілерге жол нұсқап, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді. Бір павильонға жиналып қалған халықты басқа павильондарға бөлу де еріктілердің міндеті.

null

ЭКСПО-ның алғашқы күні болса да, көрме аумағында шетелдіктердің қарасы көп. Соңғы деректерге сәйкес, ЭКСПО-2017 көрмесіне 44 елдің өкілдері билет сатып алған. Қонақтардың көпшілігі Қытай мен Ресейден келеді.

null

ЭКСПО аумағында тынымсыз тіршілік басталып кетті. Павильоннан павильонға ағылған жұрт ерекше дизайнда жасалған сәкілерде демалып, жүрек жалғау үшін дүңгіршек-дәмханаларды жағалайды. Ондағы шәйдің орташа бағасы 400 теңгені құрайды, ал кофе - шамамен 700 теңге. Фаст-фуд тағамдарын 500-1000 теңге аралығында сатып алуға болады.

null

Ұлттық тағамдарымызды дәріптейтін дүңгіршектер де баршылық. Бірақ, олардың да бағасы арзан емес. Мұнда бір дана құртты 100 теңгеге, бір стақан қымызды 500 теңгеге алуға болады.

ЭКСПО-ның ең кішкентай келушілері де назардан тыс қалмаған. Павильондардың жанында заманауи үлгідегі ауқымды балалар алаңқайы орнатылған.
null

null

ЭКСПО кешенінің қоқыс тастайтын жәшіктеріне қағаз, бөтелке және өзге де қалдықтарды бөліп салу міндеттелген, бұл дамыған мемлекеттердегі қалыпты үрдіс.

nullnullnull

115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым орналасқан бұл қалашықтың сырт келбеті де өзара үйлесім тапқан. Әр павильонның қасбеті ұлттық ерекшеліктеріне қарай, түрліше безендірілген.

null

ЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы күні аяқталар тұста да кей павильондардың ұзын-сонар кезегі таусылмады. Әсіресе, келушілердің басым бөлігі Шар-Сферда орналасқан Қазақстан павильонын көруге асығады. Одан кейін Оңтүстік Корея мен Қытайдың павильондарындағы халық қарасы толастар емес. Сондай-ақ Германия мен Монако павильондары алдында бір топ адам кезек күтіп тұр.

null

Көрменің алғашқы күні сәтті өтті деуге болады. Оған көрме қызметкерлерінің және келушілердің емен-жарқын жүздері дәлел.

Еске сала кетсек, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 9 маусым күні ашылды және 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Демек, алдағы үш ай бойы талай жағымды жаңалықтарға куә боларымыз анық.

Соңғы жаңалықтар