ЭКСПО қонақтары 101, 102, 103 қызметтерін жаттай алмады - ІІМ өкілі Қазақстанның құтқару қызметтері туралы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі 112 апаттық-құтқару қызметін қайта жаңғыртады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Техникалық қызмет бөлімі басшысының орынбасары міндетін атқарушы Тұрлыбек Ахметов Астана хабта өткен «Digital Arena-3» форумында республиканың бірыңғай диспетчерлік қызметті ұйымдастырудың маңызды екенін айтты.

«Америка мен Еуропада төтенше қызметтер бірыңғай қызмет ретінде жұмыс істейді. Неге Қазақстанда осындай қызмет жоқ деген сұрақ туындайды. Рас, Қазақстанда 112 қызметі құрылған. Алғашында оны Төтенше жағдайлар министрлігіне, кейінірек Төтенше жағдайлар комитеті ретінде Ішкі істер министрігі құзырына берілді. Бірақ, ол апаттық-құтқару қызметіне арналған. Әсіресе, ЭКСПО көрмесін өткізгенде, шетелдіктер 101, 102, 103 қызметтерін жаттай алмай қиналды», - деді Тұрлыбек Ахметов Астана хабта өткен «Digital Arena-3» форумында.

Оның айтуынша, аталған мәселе Үкімет деңгейінде көтерілген және Ішкі істер министрлігіне жаңа тұжырымдама әзірлеу туралы тапсырма берілген.

«Кез келген адам кімге хабарласуды ойламастан, 112 нөмірін теруі керек, әрі қарай диспетчер қажетті қызметке бағыттауы тиіс. Пилоттық жоба Қызылордада өтіп жатыр және онда бірқатар қиындықтар туындады. Себебі, қоңырау шалған 10 адамның 8-і полицияға қатысы жоқ мәселемен хабарласқан. Құбыр жарылды, мысығым жоғалды, балалар мектепке бара ма, бармай ма деген сұрақтар қойылған», - деп өз сөзін жалғастырды ІІМ өкілі.

Сонымен бірге, әкімдіктер деңгейінде бірыңғай диспетчерлік қызметті қадағалау ұсынысы айтылды.

«Бірыңғай диспетчерлік қызметті жаңғырту аясында халыққа көмектесу және сенімін иелену, қызметтердің жұмысын жеңілдету, өзара байланыс орнатып, тиімділіктің кешенді сараптамасын жүргізу қажеттігі айтылуда. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, жас IT-мамандарды осы жобаға қатысуға шақырамын», - деді Тұрлыбек Ахметов.

Соңғы жаңалықтар