ЭКСПО компаниясы басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
Бауыржан Бейсенбайұлы 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын, сондай-ақ, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды ҚКТУ-15 өндірістік оқыту шебері болып бастаған.
1986 жылдан 1997 жылға дейін - «Қарағандыкөмір» көмір өндіру жөніндегі ӨБ Тау-кен шахталық жабдықтарды жөндеу зауыты комбайндарын жөндеу цехының инженер-конструкторы, цех бастығының орынбасары болып істеген.
1999 жылы - «Гарант» ЖШС коммерциялық директоры қызметін атқарған.
1999 жылдан 2005 жылға дейін - «Қарағанды облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы болған.
«Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағының» заңгері, «Қазақстандық ПЭТ-орама өндірушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры қызметтерін атқарған.
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті Кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы басқармасының бас сарапшысы.
2009 жылдан 2010 жылға дейін - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары.
2010 жылдан 2013 жылға дейін - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары, директоры.
2013 жылдан 2014 жылға дейін - ҚР Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры.
2014 жылдан 2017 жылғы қыркүйекке дейін - Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры.
2017 жылғы қыркүйектен 2018 жылғы сәуірге дейін - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, екінші дәрежелі «Атамекен» төсбелгісімен марапатталған.