ЭКСПО кезінде елордада жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу шаралары аясында Астана аумағында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Астана қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция бөлімінің басшысы Берік Жолдасбеков мәлім етті.

ІІД өкілінің хабарлауынша, 7 маусым мен 12 қыркүйек аралығында Астанада таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүк көлігінің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Елордада коммерциялық әрекетті жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызу үшін халықаралық көрмені өткізу аясында жүк көліктерінің қозғалысына түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ғана рұқсат етіледі.

Соңғы жаңалықтар