ЭКСПО кезінде 11 мыңнан астам автотұрақ орны қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада халықаралық көрме өткізу кезіндегі көлік қоятын кеңістік аумағы анықталды, деп хабарлайды Elorda.info .

«Астана LRT» ЖШС автотұрақ кеңістігін тұтыну бойынша бастапқы болжамдарын жария етті. Бұл болжамдар «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ұсынған ресми деректер негізінде жасалды.

Жүргізілген зерттеуге сәйкес, көрмеге келушілердің максималды саны бір күнде 128 700 адамды құрайды, демалыс күндері - 78 800, жұмыс күндері - 39 400 адам. Тұтас көрме мерзімінің (93 күн) 7 күнінде келушілердің ең жоғары саны күтілуде, 24 демалыс күні және 62 жұмыс күні бар.

«ЭКСПО-ның тіркеу құжаттамасына сәйкес, келушілердің 50%-ы қоғамдық көліктерді пайдаланады, оның ішінде қалалық автобустарды - 36,3% , экспресс-автобустарды - 6,3%, қалааралық автобустарды - 14,1%, такси - 2% және 33,3 % келушілер көрмеге жеке көлігімен келеді. Бұл болжамдар адам көп келетін күндер бойынша есептелген», - делінген Астананың ішкі саясат басқармасы жіберген хабарламада.

«Астана LRT» болжауынша, адам саны көп болатын күні 41 300 адам, бір уақытта 27 500 адам жеке көлігімен келуі мүмкін. Демек, бұл күні  келушілерге 11 071автотұрақ орны қажет болады.

Көрме аумағында жеке көліктерге 6 мыңнан астам автотұрақ орны (сауда-ойын-сауық орталығын қосқанда) әзірленген.

«Сайып келгенде, максималды күндері 5 071 автотұрақ орны жетіспеуі мүмкін», - деп атап өтті «Астана LRT».

Сонымен бірге, ЭКСПО аумағында қалааралық автобустарға 147 көлік қоятын орын қарастырылған, VIP- орындарға (конгресс-кешені астында) 200 орыннан кем емес, таксиге арналған тұраққа - 180 орын берілген, өрт сөндіру қызметіне, жедел жәрдем, құқық қорғау органдарына көлік қоятын 390 орын, БАҚ автокөліктеріне - 130 орын қарастырылған.

Көлік қоятын кеңістікпен қамтамасыз ету аясында (максималды күндері 5 мыңға жуық көлік орны жетіспейді) аралық тұрақтан алып кеетін шаттл бас ұйымдастыру көзделген.

«Сондай-ақ, «Астана LRT» келушілер көбейген күндері қала аумағында қосымша көлік қою орындарын ұйымдастыру мәселесін шешті. Максималды келушілер жиналған күні Оқушылар сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, қалалық саябақ, астаналық цирк, «Думан» ОСО, «Music Hall» мейрамханасы, «Хан Шатыр» сауда орталығының көлік қоятын орындары пайдаланылады. Барлығы 350 көлік қоятын орын», - деп атап өтті компания. 

Соңғы жаңалықтар