ЭКСПО кезінде 1 күнде Астанаға қанша адам келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде бір күнде 33 шара өтеді.

Бұл туралы бүгін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ туризм және дамыту департаментінің директоры Аллен Шайжүнісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«93 күнде 5 миллион турист Астанаға келеді дегенде резонансты сауалдың туындайтындығы анық. Біз орташа есеппен Астанаға күніне 35-45 мың, ал шырқау шегі кезінде 100 мың  адам келеді деп күтудеміз. Ал олардың барлығы қайда орналасады? Бұл өте күрделі мәселе. 2017 жылға қарай 30-31 мың орын болатындығы болжануда. Олар: қонақ үй кешендері, университеттік жатақханалар, қазіргі уақытта қарқынды дамып отырған хостелдер және жалға берілетін пәтерлер»,-  деді ол.

Бұл ретте Шайжүнісов қазақстандықтардың қонақжайлығын айта келе, елордаға сапарлап келетін ел азаматтарының басым бөлігі туған-туыстарының үйлерін жағалайтындығын атап өтті. Сонымен қатар ол неліктен 5 миллион туристің келетіндігіне үміт артылатындығын да түсіндіріп берді.

«Өйткені, ЭКСПО өтетін 93 күннің ішінде 3 мың шара өткізу жоспарланған. Яғни, орташа есеппен күніне 33 шара өткізілмек. Бұл шаралар түрлі сипатқа ие. Олардың қатарында қатысушы елдердің ұлттық күндері, шағын тақырыптық, білім беру сипатындағы шаралар, концерттер, театрландырылған қойылымдар бар. Толықтай алғанда толыққанды, жақсы бағдарламалар ұсынылады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар