ЭКСПО-қалашық пәтерлерін сату неліктен тоқтатылғаны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-қалашық пәтерлерін сату тетіктеріне өзгертулер енгізілді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәйтерек деволопмент» холдингі аталған пәтерлердің меншік иесі саналады. Бұған дейін олар пәтерлерді ашық сатылымға шығарған болатын. Жылжымайтын мүлік құнының барынша жоғары болуын байланысты адамдар келіп, бірден есеп айырысуы үшін бірреттік ашық сатылым жасалды. Алайда жаппай сатылым орын алған жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта «Бәйтерек девелопмент» аталған пәтерлерді сату тетіктерін қайта қарастырды», - деді ол.

Оның айтуынша, холдинг таяу арада баспасөз мәслихатын өткізіп, пәтерлерді сату тетіктерін жария етеді.

«Олардың алдын ала айтуынша, 12 жылға үш пайызбен берілмек. Алғашқы жарна - 20 пайыз. Яғни, олар да шарттарын «7-20-25» бағдарламасына сәйкестендіріп отыр. Қазақстанның барлық банктері, барлық салымшылар қатыса алады. Олар әзірше осылай жоспарлап отыр», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Бұған дейін «Бәйтерек девелопмент» Астанадағы ЭКСПО аумағындағы пәтерлерді сатып алуға өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар