ЭКСПО-ға қытайлықтардың көптеп келуіне орай әуе рейстерінің саны артады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шаxрат Нұрышевтың айтуынша, келесі жылы екі мемлекет арасындағы әуе рейстерінің саны 40-тан асады. Себебі Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін қытайлықтардың саны көп болады деген болжам бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде азаматтық авиация бойынша бір аптаның ішінде 35 рейс орындалады. Соның ішінде 21-і қазақстандық компаниялардың үлесінде болса, қытайлық тасымалдаушылар 14 әуе рейсін өз мойындарына алған. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің саны 42-ге артады", - деді Ш.Нұрышев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Елшінің сөзіне қарағанда, бүгінде Қытай Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" xалықаралық көрмесіне қатысатынын растады. 1000 шаршы метрді құрайтын қытайлық павильонның тақырыбы мен ұлттық комиссары бекітілді. Көрме кезінде қытайлықтар өз павильонында 100-ден астам сан алуан шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Осы елдің туристік компаниялары ұсынған мәліметке сәйкес, Астанадағы көрмеге 200 мыңнан астам Қытай азаматы келіп кетуі әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар