+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

ЭКСПО - елордамыздың басты оқиғаларының алаңы

2018 жылғы 2 тамыз 15:26
Бөлісіңіз:
ЭКСПО - елордамыздың басты оқиғаларының алаңы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО көрме кешені аумағында тамыз айы бойы отандық және шетелдік әртістердің қатысуымен концерттер ұйымдастырылып, елорда тұрғындары мен қонақтарына түрлі қызықты мәдени шаралар ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы сенбі, тамыздың 4 күні сағат 20:00-де ЭКСПО көрме кешенінің жазғы сахнасында SMASH сахналық лақап атымен танылған ресейлік әйгілі диджей және музыкалық продюсер - Андрей Ширман өнер көрсетеді. DJ сетті қазақстандық диджеинг жұлдыздары - Нұрберген Махамбетов пен DJ Timoffey қолдайтын болады.

Тамыздың 5 күні ЭКСПО жексенбілік кешті Қазақстанның танымал әртістері Айқын және Renzo тобымен өткізуге шақырады.

null

Тамыздың 11 күні халықтың сүйікті әншісі Ерке Есмахан және Қазақстандағы классикалық музыка мен поп, рок, электроәуеннің кроссовер-синтез бағытын кәсіби орындай білген Mezzo тобының концерті өтеді.

ЭКСПО жазғы сахнасындағы концерттік бағдарламалар сағат 20:00-де басталады. Келушілер үшін кіру тегін. Концерт басталмас бұрын «Нұр Әлем» сферасында әртістер фото және автограф-сессия өткізеді.

Концерттерден бөлек ЭКСПО жазғы сахнасы жасөспірімдерге де арнап керемет сыйлық әзірледі. Оларды 5-12 тамыз аралығында сағат 19:00-де «Арманның оқиғасы» атты ертегі қойылымы күтеді.

Сонымен қатар, тамыздың 7-нен қыркүйектің 26-на дейін «Нұр Әлем» сферасында балалар мен ата-аналарға «Роботтар балы» интерактивті көрмесін тамашалау мүмкіндігі туып тұр. Робошоу - Америка, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония робототехникасының соңғы жетістіктерін және заманауи роботтар слетін ұсынады. Қойылымның басты хедлайнері ағылшындық робот - гуманоид Теспиан. Робот сөйлейді, ымдарды көшіреді, ән айтады, би билейді, күледі, жылайды, тіпті Шекспирдің шығармаларын да оқып бере алады. Соның арқасында заманауи театр қойылымдарында бірнеше рет ойнаған. Шоуды тамашалау үшін «Нұр Әлем» сферасына билет алуыңыз қажет.

null

Айта кету керек, көрермендер тамыздың 15 күні сағат 20:00-де ЭКСПО Конгресс-орталығында өтетін ресейлік танымал әнші Дима Биланның концертіне билет сатып алып, «Нұр Әлем» сферасына ашық датамен тегін билет ала алады. Әртіс ғаламат қойылымы барысында халыққа танымал әндерімен қатар соңғы ән жинағына енген туындыларын да орындайды. Шілде айында жоспарланған концертке сатып алынған билеттер - жарамды.

ЭКСПО көрме кешенінде қала тұрғындары мен қонақтары «Нұр Әлем» сферасын тамашалап қана қоймай, саябақ аумағында серуендеп, жазғы сахна мен Конгресс-орталықта өтетін отандық және шетелдік әртістерінің қатысуымен концерттерден ләззат алып, сондай-ақ, дәмхана, мейрамхана, фудкорттарда қолжетімді бағаға тамақтана отырып ғажап отты шашу субұрқақ шоуын қызықтай алады.

Келушілердің жайлылығы үшін ЭКСПО аумағында жерасты тұрағы жұмыс істейді. Оған Тұрар Рысқұлов көшесі жағынан кіруге болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет, EXPO-2017,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT