ЭКСПО-дағы Корея павильоны 20 планшеттің ұрланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ЭКСПО-дағы Корея павильонының өкілдері 20 планшеттің ұрланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай мақала 7 тамызда «Newtimes» сайтында шыққан болатын.

«20 планшеттің ұрланғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ЭКСПО ашылғалы бері пайдалануға берілген планшеттердің бірді-екілі жоғалғандығы рас. Бірақ бұл қызметкерлердің əрекетінен болып отыр. Қазір ішкі қызметтік тексеру шаралары жүріп жатыр. Қазақстандықтар ұрлады деген бірде бір дерек жоқ. Сондай-ақ, Корея павильонында техникалар ұрлыққа қарсы жүйемен жабдықталған. Əр техникаға дабыл енгізілген. Оларды ұрлап кету мүмкін емес»,- деді Корея павильонының ресми өкілдері.

Сондай-ақ, олар мақалада көрсетілген келушілер саны да жалған екендігін айтты.

«Əр көрсетілімге шамамен 50 емес 150 адам келеді. Біз қазақстандықтар тарапынан ешқандай тəртіп бұзушылық байқамадық. Керісінше, павильонды тамашалауға сыпайы ізетті адамдар келеді»,- деді олар.

Соңғы жаңалықтар