ЭКСПО-да жұмыс істейтін америкалық келін қазақша сөйлейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тан келген еріктілер EXPO-2017 көрмесінен кеткілері келмейді. Халықаралық көрменің сайты ерлі-зайыпты еріктілер Қаулан Құсайынхан мен Джулия Маклейн жөнінде видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеода олар халықаралық көрмеде алған әсерлері туралы әңгімелеп береді.

Қаулан өзін Қытайдан келген оралман қазақпын деп таныстырады. Ал америкалық Джулия Маклейн болса студент.

«Біз ерлі-зайыптымыз. Калифорния штатынан келдік. Астанада тұрғанымызға бір айдан асты», - дейді олар.

Джулияның айтуынша, ол қазақ тілін бір жылдай үйренген. «Мен қазақ тілін Америкада  бір жыл оқыдым. Екі мұғалімім бар, бірі Шучинскіден, екіншісін Шымкенттен», - дейді ол.

Джулия да ағылшынша сабақ береді. Қытайша жақсы білетін Қаулан болса Қытай павильонында көпшілікке көмегін ұсынады.

«ЭКСПО бізге қатты ұнады, жақсы әсер алдық. Көрменің мазмұны өте ауқымды және ондағы таныстырылымдар тамаша. Бұл қазақстандықтарға және әлемнің түкпір-түкпірінен келгендерге, оның ішінде Орталық Азия елінің азаматтарына халықаралық деңгейдегі іс-шараны өз көзімен көруге  мүмкіндік беретін айырықша шара. Біздіңше, Қазақстан павильоны ең әдемісі. Халықаралық көрме Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын көрсетеді», - дейді Джулия.  

 

Соңғы жаңалықтар