ЭКСПО-да күдікті қорап табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД қызметкерлері ЭКСПО-дағы қазақстандық павильонында күдікті қораптың табылуына байланысты, аумақты қоршауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлері күдікті қорапты тапты. Одан қауіпті ештеме табылған жоқ. Қораптың ішінде  бояу құйылған банкі мен құрылыс силиконы болған. Кейінірек қорапың иесі табылған. Ол оны павильонға ұмытып қалдырып кеткен», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға 29 шілдеде шамамен сағат 15.00-де болған.

Соңғы жаңалықтар