ЭКСПО-да ерегісіп қалған екі сақшы жұмыстан қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО көрмесі кезіндегі қауіпсіздік шараларына елдің түкпір-түкпірінен 9 мыңға жуық сақшы тартылды. Алайда олардың барлығы бірдей жұмыс істеп кете алмады. Сөзге келіп қалған екі сақшы жұмыстан қуылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ерегісіп қалған екеудің оқиғасы былай өрбіген. Мәселен, мен жол-патрульдік полицияның сержанты болсам, сен қорғаныс министрлігінің сержанты ретінде көрмеге келесің. Екеуіміз бір нарядта жүрміз. Біреуі екіншісіне бұйрық беріп, анда бар дейді. Мынау сен маған бастық емессің деп келіспейді. Содан екеуі бір-бірін итерген... Ақыры екеуі де жұмыстан қуылды. Негізі, ондай жағдайлар волонтерлер арасында да, жеке күзет қызмектерлері арасында да болған», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, көрме қауіпсіздігіне тартылған 9 мың сақшының ішінде ішкі істер органдары, қорғаныс министрлігі мен әскери оқу орындарының курсанттары бар. 

«Негізі, әскери тәртіпті өрескел бұзу фактілері болмаған. Псиxологтар да өз жұмысын атқарды, әлі де атқарып жатыр. Олар сан алуан аутотренингтер мен сауалнамларды жүргізеді. Барлық сақшылар тиісті уақытта демалысқа шықты. Мәдени бағдарламаларға да қатысты", - деп атап көрсетті төрағаның орынбасары.  

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Талғат Шаймарданұлы ЭКСПО жабылатын күні жеке көлікпен жүрмеуге кеңес берді. 

Соңғы жаңалықтар