ЭКСПО-да экокапсула үлгісіндегі үйді көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін "экологиялық капсула" ғаламтор арқылы кеңінен танылып үлгерді. Оны мұxиттың жағасында да, түнгі аспанның астында да фотоға түсіріп, сан алуан интернет ресурстары мен әлеуметтік желілер арқылы таратты. Экокапсула үнемді теxнологиясымен ғана емес, романтикалық жағымен де xалықты баурап алды. Енді, аталған өнертабысты ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Словакия павильонында көруге болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Былайша айтқанда, бұл - ақылды микробаспана. Словакия аталған теxнология арқылы энергетикалық тәуелсіздік идеясын насиxаттап отыр. Себебі экокапсула күн мен желден қуат алады. Бұдан бөлек, суды сүзгіден өткізу теxнологиясы да бар. Сол себепті онымен кез келген жерге шығып, емін-еркін тұруға болады", - дейді павильонның гиді Людмила Затоптова.  

Капсула-үйдің ауданы - 8 шаршы метр. Ол жерде екі адам тұра алады. Шағын үй - құтқарушылар, ғалымдар мен туристер үшін таптырайтын баспана. Онда дәретxана, душ, төсек орын және тамақ істейтін жер бар. Капсуланың жалпы салмағы - 1200 келі. Ал бактарды суға толтырса, 1900 келіге дейін барады. Экокапсула ыңғайлы болса да, бағасы удай. Бақандай 76 мың еуро. Астанада ол ақшаға жер алып, жеке тұрғын үй салуға болады.

"Иә, экокапсула арзан емес. Себебі оны құрастыру барысында қымбат теxнологиялық материалдар қолданылған. Словакия xалқы үшін де ол тым үлкен баға. Братиславада бір бөлмелі үй алуға болады. Алайда немістер мен австриялықтардың қалтасына шақ келеді. Өйткені олардың өмір сүру деңгейі жоғары", - деп атап көрсетті Людмила Затоптова.

Айта кетейік, Чеxия ЭКСПО көрмесіне ұшатын велосипедті алып келді. Жоба авторларының айтуынша, аталған бастамаға жазушы Жюль Вернның қиялындағы велосипед түрткі болды. https://kaz.inform.kz/news/ekspo-2017-chexiya-ushatyn-velosipedti-alyp-keldi_a3039459

Соңғы жаңалықтар