ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлерді сату тағы да тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бәйтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО аумағында орналасқан пәтерлерді сату тағы да тоқтатылғанын хабарлады.

Бұл жолы пәтерлерді сатуды тоқтата тұруға «ARTA Software» ЖШС бағдарламалық қамтамасыз ету қызметінде кедергілердің туындауы себеп болды.

«EXPO Residence тұрғын үйлеріндегі пәтерлерді онлайн сату үшін аталған порталды жасаушы «ARTA Software» ЖШС-мен келісім жасалған. Қазіргі таңда «ARTA Software» кедергілерді жою үшін барлық амалдарды жасап жатыр» делінген хабарламада.

EXPO Residence аумағындағы пәтерлерге сұраныстың жоғарылығына байланысты «Байтерек девелопмент» құжат қабылдаудың альтернативті түрлерін де қарастырып көрмек.

«Компания келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Сату жұмысы басталатын жаңа дата қайта хабарланады», - деп мәлімдеді компания өкілері.

Еске сала кетсек, сатып алушы пәтерді қолма-қол ақшаға немесе ипотека ресімдеу арқылы алу мүмкіндігіне ие. Енгізілген жаңа механизм бойынша 20% бастапқы жарнаны төлеу арқылы 12 жылға 3 пайыздық үстемақымен алуға болады. Бөліп төлеу арқылы сатып алушы тек 1 пәтердерді сатып ала алады. Көлік тұрағын сатып алу аталмыш жүйеге кірмейді.

ЭКСПО қалашығындағы пәтерлердің көлемі 39,6-дан -123,4 шаршы метрге дейін бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатып алуға болады. Баспаналар ІІ санаттағы бизнес жайлылыққа сәйкес және таза әрленген. Бір шаршы метрдің бағасы 399 900 тенгені, ал көлік тұрағы 735 000 теңгені құрайды.

Өтініш беру үшін кез келген азамат ең алдымен Digital Baiterek сайтында тіркелуі керек.

Өтініш беру үшін қажетті ақпараттың толық нұсқасын мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар