ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлерді сату бойынша өтініштерді қабылдайтын күн бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек девелопмент» АҚ 2019 жылдың 30 наурызында сағат 15-00-ден бастап ЭКСПО аумағында орналасқан пәтерлерді сатып алу бойынша өтініштерді қабылдау науқанының басталатындығын хабарлады.

Пәтерлерді таңдау мен брондау қызметі мына сайтта онлайн режимде жүзеге асырылады.

«Бүгінгі таңда орын алған барлық техникалық кедерлігер жойылды. Өтініштерді қабылдау кезінде ақпараттық жүйеде ешқандай ахаулықтарды болдырмау үшін арнайы сақтық шаралары қолданылды. Сонымен қатар сұраныстар мен жұмыс күндері халықтың қолдарының босамауын негізге ала отыра, өтініштерді қабылдау мерзімін демалыс күніне ауыстырып отырмыз»,-деді Басқарма Төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.

Еске сала кетсек, сатып алушы пәтерді қолма-қол ақшаға немесе ипотека ресімдеу арқылы алу мүмкіндігіне ие. Енгізілген жаңа механизм бойынша 20% бастапқы жарнаны төлеу арқылы 12 жылға 3 пайыздық үстемақымен алуға болады. Бөліп төлеу арқылы сатып алушы тек 1 пәтердерді сатып ала алады. Көлік тұрағын сатып алу аталмыш жүйеге кірмейді.

ЭКСПО қалашығындағы пәтерлердің көлемі 39,6-дан -123,4 шаршы метрге дейін бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатып алуға болады. Баспаналар ІІ санаттағы бизнес жайлылыққа сәйкес және таза әрленген. Бір шаршы метрдің бағасы 399 900 тенгені, ал көлік тұрағы 735 000 теңгені құрайды.

Өтініш беру үшін кез келген азамат ең алдымен Digital Baiterek сайтында тіркелуі керек.

Өтініш беру үшін қажетті ақпараттың толық нұсқасын мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

Фото: inbusiness.kz

Соңғы жаңалықтар