ЭКСПО аумағында Бейбітшілік және келісім аллеясы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-саябақ аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясының Бейбітшілік және келісім аллеясы ашылды. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
Аллея Ұлы Дала Елi көшесінен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы монументіне дейін созылып жатыр.
null

Ашылу рәсімі аясында этномәдени бірлестіктердің және өнерпаз жастардың театрландырылған шеруі өтті.Сондай-ақ, халықтық-қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі мен «Алға, Қазақстан!» флешмобы ұйымдастырылды.
null

Форум соңында Мемлекеттік хатшы келушілерді ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтап, бейбітшілік және келісім энергиясының әлемдегі ең таза, ең асыл энергия екенін атап өтті.
null

«Бұл аллея әлемдегі ең таза, ең асыл энергияны - бейбітшілік пен келісім энергиясын шашады. Бейбітшілік және келісім аллеясымен жүріп өткендердің барлығы қонақжай және ақ пейілді қазақ жері жылуының бір бөлшегін өзімен бірге ала кетеді», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда 39 Достық үйі жұмыс істейді, 100-ден астам ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. 
null

Соңғы жаңалықтар