«ЭКСПО-2017» - ұлтты ұйыстырудың маңызды міндеті - А.Рау

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі - ұлтты ұйыстырудың маңызды міндеті. Бүгін Астанада өтіп жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман үкіметаралық жұмыс тобының 7-ші отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осылай мәлім етті.

Сөз арасында вице-министр «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін Астанада өткізу мәселесіне қатысты қолдаулары үшін немістер тарапының өкілдеріне зор ризашылығын білдірді.

«Әлбетте бұл оңай шаруа емес. Мұны ескерттіңіздер де. Дегенмен, біз осынау күрделі мәселені орнықты шешу үшін сіздердің қатысуларыңызға, неміс бизнесіне сенім артқымыз келеді», -деді А.Рау.

Сонымен қатар, вице-министр Қазақстанда Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыстар атқарылып жатқанына да тоқталды. Бүгінгі күні аталмыш бағдарлама аясында жалпы сомасы 14 миллиард долларды құрайтын 500-ден астам жоба жүзеге асуда.

«Осы бағдарлама шеңберінде Елбасы тапсырмасына сәйкес, энергия үнемдеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану секілді міндеттер шешімін тауып жатыр», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар