+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

ЭКСПО-2017 тәжірибесі Әбу-Дабидегі самитте ұсынылды

2018 жылғы 16 қаңтар 12:11
Бөлісіңіз:
ЭКСПО-2017 тәжірибесі Әбу-Дабидегі самитте ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық делегация Әбу-Дабиде өтіп жатқан Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Абу-Даби қаласында қаңтардың 15 мен 18 аралығында XI Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті өтуде. Ауқымды шараға 26 мыңнан астам адам қатысып, 20 елдің павильоны мен 650 компаниялар экспоненті ұсынылды. Саммит жұмысына ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ербол Шорманов қатысты. Көрмеде «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы ұйымдастырған жалпы аумағы 195 шаршы метрді құрайтын Қазақстан павильоны ұсынылған», - деп атап өтілген таратылған мәліметте.

«Павильонда елімізде іске асырылып жатқан, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы жобалар мен көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы бірқатар ауқымды жобалар қойылған», - деді Е. Шорманов.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ саммитке жыл сайын қатысып келеді. Қазақстан үшін бұл баламалы энергетика саласындағы мәселелерді талқылайтын алаң, сондай-ақ елімізге инвестициялар тартуда да маңызды.

Шарада энергетика саласындағы соңғы әлемдік трендтер мен инновациялық жобалармен танысу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, саммит аясында жыл сайын жаңғыртылатын энергия көздері жөніндегі Халықаралық агенттіктің Ассамблеясы (IRENA) және тұрақты даму аптасы (Abu Dhabi Sustainability Week) отырысы өткізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, EXPO-2017,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT