+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

«ЭКСПО-2017» нысандарында ақмолалық оқушыларға ашық сабақ өткізіледі

2018 жылғы 19 наурыз 18:00
Бөлісіңіз:
«ЭКСПО-2017» нысандарында ақмолалық оқушыларға ашық сабақ өткізіледі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен Ақмола облысы әкімдігі бірлесіп, өңірдегі оқу орындары және туроператорлардың жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК, Ақмола облысы әкімдігі және ҚР «Атамекен» ӨКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес оқушылар мен студенттер үшін халықаралық мамандандырылған көрме нысандарында мәдени-білім алуы үшін турлар ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар, болашақ энергия мұражайы «Нұр-Әлем» сферасының инновациялық алаңында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде физика, биология, география, тарих, туризм және басқа пәндер бойынша «Kids Future Energy» мен «Students Future Energy» ашық сабақтарын өткізуге мүмкіндік береді.

null

Аталған сабақтардың форматы оқу бағдарламаларының нақты ортада көзбен көріп үйренуді мақсат тұтады.

Кездесу барысында Ұлттық компания мен өңірлік туроператорлар арасында «Халықаралық мамандандырылған көрме нысандарының Ресми туроператоры» мәртебесін алу бойынша меморандумға қол қойылып, туроператорлар мен оқу орындар арасында шарттар жасалды.

null

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның менеджері Роза Асанбаеваның айтуынша, қазіргі таңда көрме мұрасы қазақстандық туроператорлардың ерекше қызығушылығын оятуда. Өйткені, «ЭКСПО-2017» еліміздің жаңа бренді болса, ал болашақ энергиясы символына айналған «Нұр Әлем» сферасы - Брюсселдің Атомиумы, Париждің Эйфел мұнарасы іспеттес. Бұл көрменің басты мұрасы еліміздің туристік нысандарының халықаралық стандартқа сай және де әлемдік туризм нысандарының сандықшасына енгендігінде болып отыр.

«ЭКСПО-2017» көрме нысандары мұрасының қайта ашылуы сәтінен бастап, 13 мың оқушы мен 2,7 мыңға жуық студент «Нұр Әлем» сферасында болды. Бүгін балалар туризмі қарқынды дамып келеді және ол үшін республикада барлық алғышарттар бар», - дейді Роза Асанбаева.


nullЕске сала кетейік, 2017 жылғы 11 қарашада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандары өз жұмысын қайта бастады. Келемін деушілерге көрме кешенінің туристік аймағының «Нұр Әлем» сферасы - «Болашақ энериясы» мұражайы, Үздік тәжірибелер аймағы, Энергия холы мен Конгресс-орталығының есігі ашық. Сондай-ақ, тәулік бойы 1 000 автокөлікке арналған жерасты тұрағы жұмыс істейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT